Оралда ауа райына байланысты бірнеше әуе рейсі тоқтатылды

Air Astana әуекомпаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласына және одан ұшатын рейстер тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
23 қараша ауа райының қолайсыздығынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициентіне байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды, - делінген мәліметте.
Компания мәліметінше, орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта броньдау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.
Кідірістер туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз.
