Оралда арқан тартудан рекорд орнатылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
06.04.2025 15:01
431
Оралда бір мезетте 200 адам арқан тартысып, ел бойынша рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай ауқымды жарыс Қазақстанда әлі тіркелмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс қаладағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда өтті. Онда "Жайық" пен "Еділ" командалары қатысты.
Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын жариялап, сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады
Келесі жаңалық
Ақмолада ауыл тұрғындары көлік қатынасынсыз қалды