Оралда 600 киік мүйізі тәркіленді

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
29.02.2024 08:01
773
Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөліті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды.
Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болған және ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 миллионға жетті
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды