Жаңалықтар

Оралда 6 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

Бірқатар аудандағы электр желілері апаттық жағдайда ажыратылды
Оралда 6 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды
Фото: inform.kz 01.11.2022 14:44 2437

Орал қаласында 6 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС мәліметіне қарағанда, Деркөл және Зачаган кенті, «Телеорталық», «Ескі әуежай», «Құрылысшы» шағынаудандарында электр желілері апаттық жағдайда ажыратылды.

Қала бойынша барлығы 6 321 абонент электр жарығынсыз қалды.

Тұрғындар сонымен қатар жол қатынасында да қиындық туындағанын хабарлап жатыр.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі таңда шаһарда «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС-ның 8 апаттық бригадасы жұмыс жасауда. Оған қоса 2 бірлескен диспетчерлік қызмет электрге қосумен айналысуда. Барлығы 10 бригада іс үстінде.

Сондай-ақ Оралда қар тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға