Жаңалықтар

Оралда 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Оралда 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: instagram.com/typicaluralsk 01.07.2024 01:21 424

Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08:30-да «Құрылысшы» шағын ауданындағы 30-үй, 10-пәтерден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара кроссовка киген. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған БҚО департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жігітті көрген, хабары бар адамдар болса, 102 телефонына қоңырау шалуы сұралады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға