Жаңалықтар

Оралда 18 жастағы интернет алаяқ ұсталды

Оралда 18 жастағы интернет алаяқ ұсталды
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 17:17 1207

Батыс Қазақстан облысы ПД “CyberPol” полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы М. есімді “дропперді” анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа тұрған ол қызметінің адам алдаумен байланысты екенін біле тұра, алданған адамдардың ақшаларын алаяқтарға жеткізіп отырған.

Оқи отырыңыз:

Полиция дерегінше, 3 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз тұлға жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешуге көмектесемін деген желеумен түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, алдау жолымен 75 жастағы зейнеткердің қаражатын иемденген.

Алаяқтар курьер арқылы ақшаны өздерінің қанжығаларына басып отырған. Айта кететін жайт, алаяқтар алдымен курьердің көмегімен 3 500 еуро мен 3 500 доллар көлеміндегі ақшаны иемденсе, кейін қайта телефон соғып, қосымша 8 млн теңге талап еткен, - деп мәлімдеді полициядан.

Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға бар-жоғы анықталып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға