Жаңалықтар

Оралда 1,5 млн теңге пара алған шенеунік 7 жылға сотталды

Оралда 1,5 млн теңге пара алған шенеунік 7 жылға сотталды
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 05.03.2025 11:32 345

БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Ташенбаевқа, оның қарамағындағы – бас маман Н.Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А.Купбаевқа қатысты үкім шығарды.

Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Купбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Купбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыстың болмауынсыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға