Жаңалықтар

Оралда 15 эвакуациялық пункт дайын тұр

Оралда 15 эвакуациялық пункт дайын тұр
Фото: ТЖМ 22.04.2024 20:39 518

Студенттер онлайн оқуға кеткелі 8 жатақхана босады. Соның арқасында үйін су басқан 1000-нан астам тұрғынға жайлы жағдай жасалып, көпшілік жатақханаға көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлі күнге дейін спорт ғимаратында жайғастырылған тұрғындардың тізімі жасақталды. Ол жердегі көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар жергілікті меценаттардың көмегімен пәтерге шығарылады. Қазір 2 326 адам эвакопунктерде жатыр. Жағдай қиындайтын болса, 2 700 орын резервте тұр.

Қазір қала әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп, уақытша орналастыру орындарына ревизия істеп жатыр. Яғни олар тұрғындарға тағы не қажет екенін анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға