Жаңалықтар

Оралда 1 млрд теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр

Оралда 1 млрд теңгеге салынған мектептің кірпіштері құлап жатыр
Фото: Медет Медресов 04.02.2025 17:20 92

Орал қаласында жеті жыл бұрын салынған мектеп қабырғасының кірпіштері сынып, құлап жатыр,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап. 

 №4 мектепті салуға шамамен 950 млн теңге жұмсалған. Оқу орнының директоры Жанаргүл Аймұрзина мектеп құрылысын салған «Альтаир» компаниясы екенін айтты.

Бұған ауа-райы әсер еткен болуы мүмкін. Үнемі ылғалды ауа райы. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кірпіш құлаған жерлерге арнайы таспалар қойылды. Сондай-ақ, қызметкерлер  балалардың қауіпті аумақтарға жақындамауын қадағалап отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына сараптама жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деді мектеп директоры.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға