Жаңалықтар

Орал жұрты Жүрсін Ерманды әуежайдан күтіп алды

Орал жұрты Жүрсін Ерманды әуежайдан күтіп алды
Фото: Видеодан алынған кадр 29.01.2024 09:15 31069

Жақында ғана арбасын тастап, аяғына тұрды деген ақын Жүрсін Ерман Оралға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оралға Жүрсін Ерманмен қатар меценат Дулат Тастекей де табан тіреген. Бұл туралы кәсіпкер өз парақшасында бөлісті.

Бұған дейін айтыскер ақын Қазырет Бердіхан Жүрсін Ерманның жағдайына қатысты қуанышты жаңалық жеткізген болатын.

Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар, - деп жазды Қазырет Бердіхан. 

Оралға да ақынды арбамен алып келгенімен, әуежайда ол таяғын сүйеніп өзі жүрргенін көруге болады. Көпшілік оны ыстық ықыласпен күтіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға