Жаңалықтар

Орал тұрғыны заңсыз қару сақтаған

Орал тұрғыны заңсыз қару сақтаған
Фото: polisia.kz 16.01.2023 13:32 962

Орал тұрғыны заңсыз қару сақтаған, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 қаңтарда сағат 15:30 шамасында БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері 27 жастағы тұрғынды ұстады.

Оның пәтерінен тінту барысында атыс қаруы, атап айтқанда 12 калибрлі ИЖ-К маркалы бір оқпанды мықтықтың кесіндісі табылды. Қару атуға жарамды екендігі анықталды. Ер адамның тіркелмеген қарудың қайдан сатып алынғанын және қандай мақсатта сақтағанын полицейлер анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңсыз айналымнан қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтау, табу жөніндегі жұмысты БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тұрақты негізде жүргізіледі және БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында болады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға