Орал қаласында Сомалидан келген тамада ұсталды
Фото: й Polisia.kz
Фото: й Polisia.kz
17.05.2023 21:43
827
Ақтөбеден Орал қаласына барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, ол Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті.
Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.
Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Ендігі шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутаттар ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылады
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды