Жаңалықтар

Орал қаласы әкімінің орынбасары халыққа үндеу жасады

Орал қаласы әкімінің орынбасары халыққа үндеу жасады
Фото: БҚО әкімдігі 21.04.2024 15:17 670

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жайық озенінің көтерілуіне байланысты 1,2,3 Саяжай, Самал, Телеорталық аудандары суға кетуі басталды.

Қазіргі таңда, сол аудандарда, жергілікті әкімдік, Төтенше жағдай басқармасы, Жергілікті Полиция басқармасы және волонтерлер күні-түні бойы жұмыс жасауда.

Саяжайда қалған тұрғындарды эвакуациялар үшін автобус пен қажетті техникалар жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органнан су басу қаупі бар саяжайларға алдын-ала эвакуациялау жөнінде  хабарланды.

Сол себепті, тұрғындардың басым көпшілігі эвакуацияланды.

Бос қалған үйлерде құқықбұзушылық болмау мақсатында жергілікті полиция басқармасымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қаладағы үйге көшу мүмкіндігі жоқ азаматтарға жедел эвакопункттер қарастырылған (Біздің BatysToday парақшамыздан эвакопункттер тізімі күн сайын жаңартылып тұрады).

Саяжай тұрғындарынан өзінің үйінің аумағындағы бөгеттерді бұзбауға сұралады, себебі бұдан су деңгейі түспейді. Алайда, бұл әрекетіңізден көрші үйлерге су басу қаупін туындырасыз.

Су тасқынан болған шығын немесе залалды өтеу бойынша, бір реттік төлемақы алу бойынша қазіргі таңда өтініштер қабылдануда. Жұмыс орны мен жұмыс уақыты қала әкімдігінің ресми парашаларында орналастырылған.

Ең бастысы - азаматтарымыздың амандығы! Барлығыңызға сабырлық таңытып, дүрбелеңге түспеуіңіз сұралады, - делінген үндеуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға