Жаңалықтар

Орал дәмханасындағы жарылыс: Үшінші адамның мәйіті табылды

Орал дәмханасындағы жарылыс: Үшінші адамның мәйіті табылды
Фото: Видеодан кадр 04.01.2024 19:37 1149

Орал қаласының Сырым Датов көшесінде орналасқан дәмханадағы жарылыс орнынан үшінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар жұмысына құлаған конструкция санының көп болуы қиындық туғызуда. Себебі ғимараттың қираған бөліктері олардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Ғимаратты толықтай қирату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел жәрдем қызметінен барлығы 190-нан астам адам мен 50-ден аса техника жұмылдырылған.   

Оқи отырыңыз: 

Оқиға орнында зардап шеккен мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмектеп көрсетіліп жатыр. БҚО ТЖД арнайы штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желінің жұмысы жалғасуда делінген ведомство мәліметінде.

Еске салсақ, бүгін Орал қаласындағы  дәмханада жарылыс болды. Бұл туралы хабарлама 101 пультіне 4 қаңтарға қараған түні сағат 02:07-де түскен.

Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар қираған үйінді астынан екі адамның денесін алып шықты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿🚒 БҚО Төтенше жағдайлар департаменті (@batysqaz_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға