Жаңалықтар

Орал әуежайы Қазақстан-Ресей консорциумының басқаруына берілді

Әуежайдың стратегиялық объект ретіндегі қызметі мемлекеттің бақылауында қалады
Орал әуежайы Қазақстан-Ресей консорциумының басқаруына берілді
Фото: stan.kz 14.02.2023 11:31 2161

Орал әуежайында жаңа инвестор пайда болды. Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайының оператор-компаниясын екі қазақстандық және бір ресейлік компаниядан тұратын консорциум сатып алды. Соңғысы-әуе айлақтарын кәсіби басқаруға маманданған "Аэропорты регионов" басқарушы компаниясы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасай отырып.

"Терминал ғимараты қайта жаңартылғаннан кейін "Аqjaiyq" ӘКК "АҚ "Орал" Халықаралық әуежайы " ЖШС қайта жаңартылған объектісін үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, соңғы жылдары "Орал "Халықаралық әуежайы" ЖШС әуежайларды басқаруға маманданған серіктестерді белсенді түрде іздеді. Нәтижесінде әуежайларды дамытуда тәжірибесі бар "Орал әуежайы Холдингі" ЖШС Басқарушы компаниясы атынан инвесторлар тартылды. Компанияның негізгі үлесі қазақстандық тарапқа тиесілі", - деді "Aqjaiyq" ӘКК " АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Өтепбаев.

Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар объектілер мемлекеттің меншігінде, оның ішінде ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалы бар. Өтепбаевтың айтуынша, жаңа басқарушы компанияның алдына объектіні дамыту бойынша міндеттер қойылған.
Ол ресейлік компанияның қатысу үлесі – 49%, Қазақстан тарапының қатысу үлесі – 51% екенін атап өтті. Терминалды қайта құруға салынған 6 млрд теңгеге келетін болсақ, басқарушы компаниялар бұл соманы төлеуге немесе мүлікті қайтаруға міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға