Жаңалықтар

Орал қаласының Достық үйінде балаларға мерекелік концерт ұйымдастырылды

Орал қаласының Достық үйінде балаларға мерекелік концерт ұйымдастырылды
01.06.2019 20:13 5805

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласының Достық үйінің алаңында этномәдени бірлестіктер концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Салтанатты іс-шараға қатысқан қала тұрғындары мен балаларға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қызықты ойындар ойнатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл мейірімді мереке көптен күткен демалыс, жылу мен қуаныш алып келеді. Бұл ерекше мереке тек бүлдіршіндерге тиесілі. Барлық балалардың өмірі бақытты, күншуақты және жолдары ашық болсын!», – деп ыстық лебізін білдірді корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Витали Ан.

IMG_4281.JPG

Балаларды қорғау күні – бұл балалардың ғана көңілді мерекесі ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің лайықты азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу күні.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға