ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ОРЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Дәстүрлі шарада үлкен ұлыстың өкілдері әдет ғұрпын таныстырып, төл өнерін паш етті.
Славян тілі мен жазуы күні өңірде атап өтілетін дәстүрлі мереке, оған жылма-жыл орыс мәдениеті ұйытқы болып келеді. Жастарға славян халықтарының салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары таныстырылып ән-күйі ұсынылды.
Мерекелік шараға орыс мәдени орталығының шығармашылық ұжымдарымен қатар колледж студенттері де белсене қатысты. Тек славян халықтарының әдет-ғұрыптары емес6 сондай-ақ, қазақ ұлтының ойындарынан көріністер қойылды.
«Мұндай шаралар Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтай отырып, бейбітшілікпен келісімді нығайтуға септігін тигізеді», - деп атап өтті орыс мәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Абрамова.
Ізгі шара этностар күні аясында өтуде, Осыған дейін мұндай апталықты облыста мекен еткен бірнеше ұлттың өкілдері атап өтті.
