Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы 484 теңгеден асты

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 37 теңге
Қор нарығында доллар бағамы 484 теңгеден асты
Фото: www.mk.ru 18.07.2022 17:27 1631

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 60 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 484, 18 теңге.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 37 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 485 теңге, сатып алу – 489 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 481 теңгеден болса, сатып алу құны – 484 теңге.

Ресей рублі 7,45- 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға