Жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Ұлттық банктің 11 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,01 теңге болды
Қор нарығында доллар арзандады
Фото: pixabay.com 11.08.2022 18:11 810

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды El.kz.

Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,46 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,01 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475,5 теңгеден болса, сатып алу – 479

Ресей рублі 7,25- 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға