Қор нарығында доллар 466- 472 теңге аралығында саудаланып жатыр
Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 05 теңге
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
26.08.2022 09:48
1356
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 472 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467 – 472 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 466 – 471 теңге аралығында құбылып тұр.25 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге қымбаттап, 465, 22 теңге болған.
Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 05 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 734 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Аида Балаева азаматтарды қабылдады