Қорғаныс министрі Пәкістаннан келген әріптесімен кездесті
Тараптар әскери дайындық, әскери білім мен ғылым төңірегіндегі әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.10.2022 17:46
1207
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммед Асифпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.
Кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI Саммиті шеңберінде ұйымдастырылды.
Тараптар әскери дайындық, әскери білім мен ғылым төңірегіндегі әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркиямен ғарыш саласында әріптестік орнатып жатырмыз