«Оқжетпес» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Фото: kpl.kz
Фото: kpl.kz
21.01.2025 13:47
676
Мұрат Тілешов «Оқжетпес» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұрат Тілешев - Жамбыл футболының түлегі. Ол футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсетті. Мансабында үш мәрте ел чемпионы болып, премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды.
Футболшы мансабы аяқталғаннан кейін, Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеді. Сондай-ақ «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тұран» клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.
Бөлісу:
