Жаңалықтар

Оқушыны ұрған жасөспірімдердің ата-анасына сот үкімі шықты

Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
Оқушыны ұрған жасөспірімдердің ата-анасына сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.04.2025 13:32 762
Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
 
Істі Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.
 
Сот қаулысымен бір жасөспірімнің әкесі 5 тәулікке қамауға алынды. Төрт ата-анаға 78 640 теңгеден айыппұл салынды, - дейді ведомство.
Еске сала кетейік бұған дейін сотта кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу туралы азаматтық іс қаралған болатын.
 
Сот шешімімен үш жасөспірім ерекше режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернатына жіберілді, - делінген хабарламада.
 
Жасөспірімдердің арнаулы оқу орындарында болу мерзімі қажет болған жағдайда мекемелер әкімшілігінің өтініш хаты бойынша ұзартылуы мүмкін.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға