Оқушыны автобус басып кетті: Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
27.11.2024 20:00
108
Алматы облысының білім басқармасы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан баланың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма мәліметінше, оқиға орнында жұмыс тобы мен Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы бар.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, аталған іс Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар баланың ата-анасы мен достарына осы қиын кезеңде мамандандырылған психологиялық көмек пен қолдау көрсетілуде.
Айта кетейік, 7 жасар баланы оқушыларды мектепке таситын көлік басып кетті, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалы ресми түрде ашылды