Жаңалықтар

Оқушыларға арналған зымыран құрылысы конкурсы өтеді

Оқушыларға арналған зымыран құрылысы конкурсы өтеді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 16.03.2024 23:10 553

Оқушыларға арналған ең ірі QazAstroShift 2024 зымыран құрылысы конкурсы жазда Астанада бастау алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, QazAstroShift 2024 - Қазақстандағы ең ірі республикалық зымыран құрылысы турнирі. Оның мақсаты - аэроғарыш инженерлерінің келесі буынын шабыттандыру және Қазақстандағы зымыран ғылымына деген қызығушылықты арттыру.

Өткен жылы жарысқа Қазақстанның 21 өңірінен және таяу шет елдерден 350 оқушы қатысты. KGS платформасында астананың аспанына ең үздік 10 зымыран ғана жете алды, ал ең талантты командалар өздерінің күш-жігері мен ынта-қабілеті үшін марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға