Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі басқа күнге ауысты
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
19.01.2023 14:12
2038
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді», - деді Гүлмира Кәрімова.
Оның айтуынша, 31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі.
Бөлісу:
