Оқушылардың пәндік олимпиадасының форматы ауысты

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
25.03.2024 18:49
766
Елімізде жыл сайын 17 наурызда өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды. Ол биыл алғаш рет бірден жеті өңірде өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл санитарлық, медициналық және өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің барлық нормаларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
Олимпиаданың республикалық кезеңіне барлығы 1668 оқушы қатысып жатыр. Жаратылыстану-математикалық - 946 және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша 772 оқушы бақ сынауда. Айта кетейік, қатысушылар арасында 87 олимпиадалық резерв мүшесі және ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда тауда жоғалған екі адам аман табылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды