Оқушылардың демалыс кестесі жарияланды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
09.12.2022 15:09
18453
Осы оқу жылында қазақстандық оқушылар үшін 173 оқу күні және 192 демалыс күні қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту Ммнистрлігі жариялаған мектеп демалысының күнтізбесіне сәйкес, балалар қыста 9 күн демалады. Бұл қысқы демалыс күндері 2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына сай келіп тұр.
Ал көктемгі демалыста оқушылар 18-26 наурыз аралығында 9 күн демалады. Жазғы демалыс 1 маусымнан 31 тамызға дейін 92 күнге созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін демалыстың қосымша 7 күні қарастырылған, ол 6-12 ақпан аралығында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мониторинг нәтижесінде 350 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылды