Жаңалықтар

Оқушылар тұмауға байланысты қашықтан оқи ма?

Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы жауап берді
Оқушылар тұмауға байланысты қашықтан оқи ма?
Фото: life09.kz 07.11.2022 19:24 2113

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева тұмауға байланысты оқушыларды қашықтан оқу форматына ауыстыру ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бір сыныпта оқитын балалардың 30 пайыздан астамы ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) жұқтырса, онда оларды онлайн оқу форматына ауыстыруды ұсынған еді.

«Әлемде мектептер бірінші болып ашылып, соңғы болып жабылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толық әрі сапалы білім мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі онлайн форматта оқыту ұсынысын қолдамайды», - деп мәлім етті Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға