Жаңалықтар

Оқушылар сарайының есігіне есірткі тарататын мекенжай бар QR код ілінген – депутат

Оқушылар сарайының есігіне есірткі тарататын мекенжай бар QR код ілінген – депутат
Фото: Facebook/Серікбол Хасан 02.05.2024 13:05 671

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова елімізде QR код арқылы синтетикалық есірткі тарататындар көбейгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда QR код арқылы синтетикалық есірткілердің таралуы көп кездеседі. Мысалы, ірі облыс орталығында орналасқан көшенің атауын басқан кезде, есірткі тарататын мекенжайлар байқалған. Екіншіден, кеше әлеуметтік желіде Астана қаласындағы Оқушылар сарайының есігіне QR код ілінгені тарап жұр. Оны ашып қараса есірткі тарататын адрестер ашық көрсетілген. Жалпы QR кодтар, көшелер және тағы басқа ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында қандай шаралар қолданасыздар? Бұл тұрғыда заңда қандай мәселені қарастырдыңыздар? Осыдан екі апта бұрын ірі авиа тасымалмаушының пилоты есірткі қолданғаны анықталды. Жалпы еліміздегі авиа, теміржол және қоғамдық көліктерді тасымалдап жүрген қанша азамат есірткіге тәуелді? Олармен қандай жұмыс істелуде? Азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты нақты қандай нормалар қарастырылып жатыр?, - деді мәжілісмен.

Депутаттың бұл сауалына ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев жауап берді.Оның сөзінше, бүгінгі күнге дейін елімізде 1356 есірткі тасымалына қатысты сайт жабылған.

Ал жүргізушілер мен пилоттар күнделікті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Сондықтан да бұл жұмыс өткізіліп жатыр деп ойлаймын, -  деп жауап берді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға