Жаңалықтар

«Оқушылар мектепте намаз оқыған». Министр пікір білдірді

«Оқушылар мектепте намаз оқыған». Министр пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 20.02.2024 12:31 1082

Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының мектепте сабақ оқудың орнына намаз оқып отырған видеосы тарады. Бұл жағдайға байланыс оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікірі білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектептерде ешқандай діни рәсімдер болмауы керек. Бұл мектептердің ішкі ережелерінде бекітілген. Ол министрліктің бұйрығымен бақыланып отырады. Ал мына жағдайды біз әлі қарап жатырмыз. Нақты қай мектепте, қай өңірде екені белгісіз. Жағдай нақтыланған соң шара қабылданады. Ол жерде (видеода – ред.) №90 мектеп деп айтылған. Дегенмен олай емес. Нақты анықталғанын күту керек, - деді министр.

БАҚ өкілі «Қай мектеп екені анықталған соң қандай шара қабылданады?» деп сұрақ қойды.

Ол жағдай мектепте болды ма, әлде басқа орында болды ма, алдымен осыны анықтап алайық, - деп атап өтті оқу-ағарту министрі.

Ғани Бейсембаев журналистердің «еліміздегі мектептерге намазхана орналастыруға көзқарасыңыз қалай?» деген сұрағына да жауап бере кетті.

Мектеп – білім мен тәрбиенің ошағы. Сондықтан мектепте ұстаздарымыз күш-жігерін міндетті түрде оқушыларға білім беруге бағыттауы керек. Бұл ұстанымымызды үнемі айтып жүреміз. Сондықтан басқа мәселелерді бұл жерде көтерудің қажеті жоқ, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға