Жаңалықтар

Оқушылар мектепте хиджаб кие ме? Аида Балаева жауап берді

Оқушылар мектепте хиджаб кие ме? Аида Балаева жауап берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.09.2023 15:37 1381

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көпшілік арасында талқыланып жатқан мектептерде хиджаб киюге тыйым салу туралы мәселеге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атазаңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар ол мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керектігін, ал қандай киім киіп, қандай діни көзқарас ұстанатынын әр бала есейе келе өзі шешуі керектігін алға тартты.  

Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету. Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға