Оқушылар күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
13.10.2024 18:02
960
Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен болатын.
Алайда биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Бұл күндерді ескерсек, мектеп оқушылары күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шымкентте өрттен 10 адам құтқарылды