Жаңалықтар

Оқушылар арасында зымыран құрастырудан алғашқы жарыс өтті

Оқушылар арасында зымыран құрастырудан алғашқы жарыс өтті
Фото: gov.kz 26.07.2023 19:30 972

Бүгін елордада QazAstroShift жоғары сынып оқушылары арасында зымыран құрастыру бойынша алғашқы республикалық турнирдің финалы өтті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен үш онлайн кезеңнен өткен және үздік нәтижелер көрсеткен жас инженерлер өз зымырандарын ұшыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығында жиналды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек турнирдің финалистерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

«Турнирге қатысушылардың жобаларына қарап, «олардың арасында болашақта қазақстандық Space X-ті жасаушы шығады» деген ойды нақтылаймын. Қорытындылай келе, финалистерге сәттілік тілеп, жеңістің кіші, үлкені болмайтынын айтқым келеді. Сіздердің әрбір жетістігіңіз – прогрессивті Қазақстанның қалыптасуындағы үлкен қадам!», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша бакалавриатқа түсуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға