Жаңалықтар

Оқулықтардың 79 пайызы цифрлық форматқа көшірілді

Оқулықтардың 79 пайызы цифрлық форматқа көшірілді
Фото: standard.kz 07.03.2023 10:55 752

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Оқу процесін басқаруды цифрландыру мақсатында республика бойынша 7 мың мектепте электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізу, бағалау, үй тапсырмасын беру, жоспар қалыптастыру мен қашықтан оқыту қызметтерін қамтитын білім беру платформалары енгізілді. Сонымен қатар, бұл платформалардың оқушылар мен ұстаздарға арналған мобильді қосымшалары, аналитикалық бақылау тақталары, мектептегі ас мәзірі және онлайн біліктілікті арттыру курстары секілді қосымша қызметтері іске қосылған. Қазіргі таңда оқулықтардың 79 пайыз цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді», - деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша оқулықтарға  қажет талаптар мен ережелер министрліктің 6 нормативтік-құқықтық актілерінде нақты бекітілген. Аталған заңнамаларға сәйкес қазіргі таңда білім жүйесін цифрландыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.

Бұған дейін министр еліміздегі білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен толықтай қамтылғанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға