Жаңалықтар

Оқу-жаттығу кезінде танк зейнеткерді басып кетті

Оқу-жаттығу кезінде танк зейнеткерді басып кетті
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 01.10.2023 22:17 1550

Грекияда оқу-жаттығу кезінде танк тасымалдағыш зейнеткерді жаншып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

EPT News агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға шығыс Аттикадағы Оропос қаласында болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, 70 жастағы жергілікті тұрғын әскери лек кетіп бара жатқан уақытта жолдан өтпек болған.

Оқиғадан соң зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер әйелді құтқарып қала алмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға