Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік ұсыныстары бәсекелестікке қарсы деп танылды

Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік ұсыныстары бәсекелестікке қарсы деп танылды
Фото: gov.kz 14.06.2023 06:25 635

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Білім министрлігіне қатысты тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның қорытындысында Министрлікке қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды.

Атап айтқанда, Министрлік, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасы арқылы өткізу ұсынған.

Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, аталмыш қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген.

Мұндай актілерді қабылдау, Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес тыйым салынады.

Қазіргі уақытта БҚДА нұсқамасын орындап, Министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға