Оқу-ағарту министрлігі балалар арасындағы әлімжеттіктен кейін жаңа ұсыныс айтты
Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
21.04.2023 15:28
828
Соңғы кездері балалар арасында әлімжеттік көбейіп кетті. Бұған олардың көріп жатқан контенттері де әсер етуі мүмкін. Сондықтан министрлік балаларға арналған SIM-карта ұсынды, деп хабарлайды El.kz
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, балаларға арналған жеке SIM-карта қажет.
Балаларға арналған SIM-карталар енгізу арқылы олардың әлеуметтік желілерді ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануына, түнгі уақытта интертнет желісіне қосылуына шектеу енгізу қажет деп санаймыз, - деді Еділ Оспанов.
Ол баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік беретінін айтты. Карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектеуге де болады екен.
Айта кетейік, соңғы кездері балалар арасындағы қатігездік көбейіп кетті. Мысалы, сәуір айының басында Түркістан облысы Төрткүл ауылында су каналынан 15 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Алматы облысындағы Саты ауылында қатарынан екі мектеп оқушысы көз жұмды. емей қаласында жаттығудан шыққан кәмелет жасына толмаған қызды бір топ қыз жабылып сабаған.Қызылорда облысында 9 сынып оқушысын 5 бала аяусыз соққыға жыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға