Жаңалықтар

Open API қолдану технологиясы мен Open Banking тұжырымдамасы талқыланды

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті
Open API қолдану технологиясы мен Open Banking тұжырымдамасы талқыланды
Фото: bugin.kz 14.12.2022 17:33 1448

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) ҚҰБ төлемдер және қаржылық технологияларды дамыту орталығымен (ТҚТДО) бірлесіп, Open API  мен Open Banking-ті 2023-2025 жылдары Қазақстанда дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бас қосуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің өкілдері қатысты. Ал, Қазақстан Қаржыгерлерінің Қауымдастығы нарыққа қатысушылардың мүддесін жеткізді.

Қатысушылар Open API технологиясын қолдану арқылы қаржы секторын дамытудың заманауи үлгілері мен Open Banking тұжырымдамасын талқылап, жаңа бастамалар негізінде Қазақстанда цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру перспективаларын сөз етті.

Open API мен Open Banking жобалары клиентке қаржылық қызметтерді алу үшін клиенттің жеке деректерін әртүрлі қаржы институттары арасында қауіпсіз және тиімді тасымалдау мүмкіндігін беруге бағытталған. Мұндай алмасу қауіпсіз ортада стандартталған ашық бағдарламалау интерфейстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ашық банкинг жаңа төлемдер мен қаржылық қызметтерді жүргізуге, әкімшілік, сәйкестік және транзакциялар үшін уақыт пен операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Open API мен Open Banking тұжырымдамасы Қазақстан Республикасындағы ашық банкингті дамытудың негізгі тәсілдері мен пайымын, ашық банктік интерфейстерді енгізу бойынша нақты қадамдар мен шараларды және осыған қажетті инфрақұрылымдық әрі реттеу тәсілдердін қамтиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға