Жаңалықтар

Оңтүстіктегі көрнекті 10 орын

Тарихи орындар мен табиғат ғажайыптары
Оңтүстіктегі көрнекті 10 орын
19.04.2017 12:07 24982

Оңтүстік Қазақстан облысына саяхаттап бара қалсаңыз, төмендегі жерлерге соқпай кетпеңіз. Олар тек елімізге емес, Орта Азияға танымал қасиетті орындар мен табиғаты таңғажайып мекендер.

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – XII ғасырда ғұмыр кешкен әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған. 

Ескерткішті ХІV ғасырда атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі Әмір Темір салдырған.

Мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге, Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі секілді археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.

Ахмет Яссауи ескерткішінің көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген ғимаратта 35 залдар мен бөлмелер орналасқан.

Отырар қаласы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туған қаласы ретінде кеңінен танымал. Бұл қаланың орнындағы шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 шақырымға жетеқабыл, батыстан шығысқа қарай 54 шақырымға созылып жатыр. Шұраттың аумағында 130 астам ескерткіштер бар.

2004-2007 жылдары «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында мұндағы бірнеше ескерткіштерін зерттеу, консервациялау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Шұрат ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрыктөбе, Уәсиж қалашықтары, Талтақай және Қоңыр мазараттары кешенді зерттелді. 

Арыстан баб кесенесі – XII ғасырда өмір сүрген Яссауидің ұстазы Арыстан бабтың құрметіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Ал XVIII ғасырда көне мазардың орнында екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған күмбездер орнатылды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт суларының кесірінен мешіт құлатылып, қайта орнатылды.

 

Сауран бекінісінің үйіндісі де бұл күндері тарихи орындардың бірі ретінде кеңінен танымал. Сауран қаласының нағыз гүлденген тұсы – Жошы ұлысының Ақ Орда астанасы (XIV ғасыр) болған шақ. Сауран қаласының орнының ең қызықты нысандарының бірі – кәріздер. Жер асты су жолдарының ұзындығы 110 километрден де көбірек. Бұл жерге су сонау Қаратау тауларынан жеткізілген.

Домалақ ана кесенесі – Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене – Али Сыланқызы Нурила (халық арасында Домалақ ана деп атап кеткен) мазарының үстінен тұрғызылған. Домалақ ана Байдібек атаның кенже әйелі. XI-XV ғасырлары бірнеше рет жөнделген Домалақ ана кесенесі ХХ ғасырда алты бағаналы болған. Кесене 1966 жылы Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қайта қаланған. Биіктігі – 12 метрге жетеді.

Қызылкөл өзені – Құмкент елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым қашықтықта шөлейтте орналасқан.

Бұл өзен – Қазақстандағы құстарды бақылайтын ең ғажап мекен. Мұндағы әдемі құстардың қатарынан Алқызыл Пеликанды және бұйра Пеликанды, Үлкен баклан, Қара гриф секілді және басқа құстардың ерекше түрлерін көруге болады.

Біркөлік – оңтүстіктегі табиғатымен ерекшеленетін ғажайып мекен. Мұнда көпшіліктің демалыс орындарын өткізетін Бәркөлік өзені ағады. Жергілікті таза ауа тыныс жолдары мен жүрек-тамыр жүйелерінің  жұмысын жақсартатын қасиет беріп, орталық жүйке жүйесін емдейді.

Бұл жерде түрлі алма, өрік ағаштарының бағы, жаңғақ, көптеген қылқанды және деоротивті жапырақтың түрлері: тянь-шань шыршасы, қайың, емен, итмұрын, барбарис өседі.

Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік – шығыс бөлігін, Өгем, Қаржантау, Боралдай, Талас Алатауының солтүстік батыс бөктерін алып жатыр.

Ұлттық парктің аумағынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері кесіп өтеді. Парктің 7 табиғат зонасы бар, мүнда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 300 түрі кездеседі. ҚР Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі өседі.

Ақсу-Жабағылы қорығы – Орта Азиядағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың мекені ретінде  ЮНЕСКО-ның бақылауындағы Қазақстанның ең көне қорығы Мұнда тау қойы мен ешкілері, маралдар,  еліктер, сілеусіндер мен қар қабыландары, қасқырлар мен түлкілер, аюлар мен тағыландар мекен етеді.

Биік аймақтары өзінің ғажайып бейнелерімен, жартылай шөлейтті жазықтармен астасып, аршалы ормандарға ұласады. Ылғалды мекендегі жазық аршалар мен жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы.

Ақсу өзенінің каньoны – Ақсу-Жабағылы қорығына тиесілі жер. Оның тереңдігі 300 ден 500 м дейін, жоғарғы жақтары – 800 метрді алып жатыр. Каньонға түсу қиынның қиыны, себебі өзеннің жағалауы тасты болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға