Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда биыл да қуаңшылық болуы мүмкін бе? Министр пікір білдірді

Оңтүстік Қазақстанда биыл да қуаңшылық болуы мүмкін бе? Министр пікір білдірді
Фото: gov.kz 21.06.2024 14:30 604

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл елде құрғақшылық болады деген пікірлерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз суды суармалы жерлерге береміз. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы суармалы жерге өзіндік кестеге сәйкес берілетін болады. Бірақ күн ысыған сайын суармайтын тәлімді жерлер бар. Егер Қазгидромет сондай (қуаңшылық – ред) болжам беріп жатыр ма?! Онда ол да болуы мүмкін, - деді министр.

Бұған дейін экологтар мен мамандар биыл елде құрғақшылық болуы мүмкін екенін болжаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға