Жаңалықтар

Оңтүстік өңірлердегі су тапшылығы мәселесі қалай шешілмек

Оңтүстік өңірлердегі су тапшылығы мәселесі қалай шешілмек
Фото: © Pixabay.com 04.07.2023 16:22 851

Қазіргі уақытта алдын ала берілген Қазгидрометтің болжамына қарамастан оңтүстік өңірлерде мәселелер бар. ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов олардың бірқатарына тоқала кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша бүгінде ауа райының мамыр-маусым айларында ауа температурасының төмен болуына байланысты таулардағы мұздықтардың әлсіз еруі салдарынан, Қырғызстан аумағындағы су қоймаларының аз толуынан күрделі жағдай байқалады. 2023 жылдың вегетациялық кезеңіне арналған қырғыз гидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, Шу және Талас өзендерінің сулылығы нормада - 100-120 пайызға тең. Сонымен қатар келіп жатқан судың және су қоймаларының толықтығына жүргізілген мониторинг болжамының расталмағандығын көрсетеді, - деді Сейілбек Серғазыұлы.

Қырғызстан су ресурстары қызметінің мәліметінше, бүгінде өзендердің сулылығы нормадан 2 есе төмен болып шыққан.

Қазіргі таңда Киров су қоймасындағы судың көлемі 171,6 миллион текше метр. Ал өткен жылы 341,8 миллион текше метр құраған. Жоғарыдан түсіп жатқан судың көлемі секундына 1,7 текше. Оны өткен жылмен салыстырсақ, дәл осы кезеңде ол су секундына 60,2 текше метр болған. Қазіргі уақытта төменге жіберіліп жатқан судың көлемі секундына 59 метр текшеге тең, - деді Сейілбек Нұрымбетов.

Ал Тасөткел су қоймасының көлемі 231,4 миллион текше, өткен жылы 347,8 миллион текше метрді құрады. Келіп жатқан су 2,6 текше, ал төменге жіберіліп жатқаны 42 текше болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға