Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу мерзімі қысқарды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті
Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу мерзімі қысқарды
Фото: Yvision 29.11.2022 15:25 1737

2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Корея Республикасының  аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жоба ҚР сыртқы және ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулдығына жүгінген қазақстандық азаматтарға паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Оңтүстік Корея (Сеул, Пусан қалалары), Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбы қалалары), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Түркия (Анкара, Анталья, Ыстанбұл қалалары) Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға