Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды
Оңтүстік Корея Республикасында әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты ел аумағында жүрген қатаң ескерту жасалды. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Корея Республикасы президенті Юн Сок Ёльдің елде әскери жағдай енгізу туралы жариялауына байланысты, Корея Республикасының аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына сабыр сақтауға, жергілікті биліктің нұсқауларын қатаң орындауға және жаппай іс-шараларға қатыспауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Елшілік өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда Қазақстан азаматтарына елшіліктің жедел желі телефонына хабарласуға кеңес береді: +82-10-6572-9311.
Айта кетейік, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль 3 желтоқсан күні елде әскери жағдай енгізілгенін жариялады.