Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн белгіленді

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
08.04.2025 22:14
387
Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 3 маусымда өтетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap мәліметінше, бұл шешім Конституциялық сот президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау туралы шешімді қолдағаннан кейін төрт күн өткен соң, министрлер кабинетінің отырысында қабылданды.
Конституцияға сәйкес, елде президент лауазымы бос қалса, 60 күн ішінде жаңа сайлау өткізуге міндетті.
Еске сала кетейік, былтырғы желтоқсанда Юн Сок Ёль елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізген болатын. Осыдан кейін әскери күштер ел парламентін қоршап, ғимаратқа кіру жолдарын жауып тастаған. Алайда бірнеше сағат ішінде Оңтүстік Корея депутаттары парламентке кіріп, әскери жағдайды жою туралы шешім қабылдаған.
Бөлісу:
