Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізілді

Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізілді
Фото: CHUNG SUNG-JUN/GETTY IMAGES 04.12.2024 09:22 291

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль 3 желтоқсан күні елде әскери жағдай енгізілгенін жариялады. Оның әскери жағдай туралы жарлығы парламент жұмысын уақытша тоқтатуды да көздейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен әскери жағдай енгізу туралы жариялаймын, бұл солтүстіккореяшыл күштерді жою және еркін конституциялық тәртіпті қорғау үшін қажет, – деді ол азаматтарға телеүндеуінде.

Президенттің айтуынша, әскери жағдай енгізу – «халықтың бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «мемлекетке қарсы әрекеттерден елді қорғау» үшін мәжбүрлі шара. Бұл шара корейліктерге белгілі бір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін, бірақ Юн Сок Ёль атап өткендей, билік олардың әсерін барынша азайтуға тырысады.

Сыртқы саясатта ешқандай өзгеріс жоқ, Корея Республикасы халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырады, – деп қосты президент.

Әскери жағдай жарияламас бұрын, Юн Сок Ёль өзінің деуінде ұлттық жиналыстың (бір палаталы парламенттің) 22 жоғары лауазымды шенеунікті, соның ішінде бас прокурорды жұмыстан босатуға әрекет жасағанын хабарлады. Бұл жаңа министрлер кабинетінің маусым айында бекітілгенінен кейінгі алғашқы оқиға болды. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл «тек бұрын-соңды болмаған жағдай ғана емес», сонымен қатар сот және атқарушы билік жұмысының тоқтауына әкелуі мүмкін.

Президенттің үндеуінен кейін елдің Қорғаныс министрлігі барлық қарулы күштердің командирлерінің шұғыл жиналысы өтетінін жариялап, әскери күштерге жарлықты орындауға нұсқаулық берді.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Қаржы министрлігі де орталық банк басшысы мен полиция басшылығының қатысуымен шұғыл кеңес өткізетінін мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі саяси партиялардың қызметі тоқтатылатынын, ал бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі бақыланатынын түсіндірді.

Алайда, бұл шешімге оппозициялық «Тобуро» Демократиялық партиясы қарсы шығып, президент пен қорғаныс министрі Ким Ён Хёнге мемлекетке опасыздық жасады деген айып тақпақ. Егер бұл жүзеге аспаса, партия президентке импичмент жариялау рәсімін бастайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, «Тобуро» партиясы 300 депутаты бар парламентте 170 мандатқа ие, ал импичмент үшін депутаттардың үштен екісінің дауысы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға