Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 23 адам қайтыс болды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
03.08.2023 11:37
1066
Биыл жазда Оңтүстік Кореядағы аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, республиканың кейбір аудандарында температура 38 градустан асты.
Оқи отырыңыз:
- Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
- Түркістан облысында жасөспірім мазараттағы көктастарды бояп тастаған
20 мамыр мен шілде айының соңы аралығында ыстықтан 21 адам қайтыс болды. Ал, бірінші тамызда тағы екі жағдай тіркелді , - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар қызметі.
Айта кетейік, аптап ыстықтан қаза тапқандар өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көбейген. Оған қоса, биыл ауа-райы салдарынан 400 адам дәрігердің көмегіне жүгінген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ботоксты неше жастан жасатқан дұрыс? Косметолог кеңесі
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды