Жаңалықтар

Оңтүстік Корея жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды қабылдауға дайын

Оңтүстік Корея жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарды қабылдауға дайын
Фото: Pixabay.com 19.04.2023 22:30 3216

Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр. Яғни, жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Корея елінен жыл сайын қазақстандықтарға қатысты әртүрлі жағымсыз мәліметтер келіп жатады. Ол ел еңбек миграциясы мәселесін шет мемлекеттермен екіжақты келісім арқылы ғана жүзеге асырады. Осы мәселені реттеуді қолға алып жатырмыз. Сәуірдің 25-26-де жұмыс тобы Сеулге барып еңбек миграциясы мәселесін талқылайды. Қазір Оңтүстік Кореяда 16 елге еңбек квотасы беріледі, келесі боп біздің ел қарастырылып жатыр, - деді Ілияс Испанов.

Оның айтуынша, квота алатын адамдар алдымен дайындық курсынан өтеді.

Ол жердегі әдеп-ғұрып, тіл, жүріп-тұру тәртібі, олардың заңдары бар. Соған үйретеміз. Содан кейін ғана жұмыс істейді. Ең бастысы, өз біліктілігін көтереді, - деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға