Оңтүстік Корея президентінің қайын енесі тұтқындалды
Фото: © AA
Фото: © AA
23.07.2023 05:03
1574
Әйел сотта кінәсін мойындаған жоқ және апелляциясы қанағаттандырылмаған соң соң есінен танып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Корея Республикасының құқық қорғау органдары ел президенті Юн Сок Ельдің қайын енесі Чхве Ын Сунды шоттағы теңгерім туралы банктік құжатты қолдан жасады деген айыппен ұстады.
Сот оның 2021 жылы бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімге шағымын қанағаттандырмады. Ол кезде 76 жастағы Чхве Ын Сун қамауға алынбаған еді.
Чхве Ын Сун 2013 жылы Сеулдің оңтүстігіндегі Соннам қаласында жер учаскелерін сатып алу үшін тиісті қаражатты төлемей, бірақ құжат жүзінде 34,7 миллиард вон (шамамен 27 миллион доллар) берілді деген анықтаманы қолдан жасады деп айыпталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға