Жаңалықтар

Оңтүстік Корея полициясы президентке қатысты тергеу бастады

Оңтүстік Корея полициясы президентке қатысты тергеу бастады
Фото: Getty images 05.12.2024 11:45 431

Президент Юн Сок Ёльге қатысты елде әскери жағдай енгізілуіне байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Корея Республикасының Ұлттық тергеу басқармасының директоры У Чжон Су мәлімдеді.

Біз тергеуді заң мен тәртіпке сәйкес мұқият жүргіземіз, – деді тергеу басқармасының директоры.

У Чжон Су бұл істі өз басқармасындағы қауіпсіздікке жауапты бөлімге тапсырғанын айтты.

Бұған дейін депутаттар президент Юн Сок Ёльге, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнға, әскер бас штабының бастығы әрі әскери жағдайды қадағалауға тағайындалған Пак Ан Су мен ішкі істер министрі Ли Сан Минге және басқа да шенеуніктерге қарсы Ұлттық тергеу басқармасына бүлікке қатысты ресми айып тағылған шағым түсірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға